21.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер Солтүстік Мәрмәр автожол жобасында жұмыстарына байланысты хабарларға кең орын берген.

102273
21.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хабар түрік газеті «Үшінші көпірдің бағанасы 245 метр» деген тақырыппен берген хабарында өткен жылы жасала бастаған 3-ші көпір және Солтүстік Мәрмәр автожол жобасында жұмыстардың жалғасып жатқаны жазылған. Газет хабарында жалпы ұзындығы 320 метрге жететін көпірдің бағаналары көтеріле бастағаны, Стамбұлдың екі жағасынан көрінетін көпір бағаналарының биіктігі 245 метрден асқанын, 5 мың 500 қызметкердің жұмыстанғанын, келер жылы бұл санның 8 мыңға жетуі күтілгенін білдірген.
Миллиет газеті «Түрік мерген мылтығы ұрланды» деген тақырыптағы хабарында Францияның астанасы Парижде 18-20 маусымда өткен және Түркиядан 11 фирма қатысқан "Eurosatory" жәрмеңкесінде Машина Химия институтының Бора 12 снипер мылтығы жәрмеңке стандынан ұрланғанын хабарлады.
Машина Химия институтының жауаптылары құлыпталған және қауіпсіз бір бөлмеде көрмеге қойылған мылтықтың арнайы бір кілтпен ашылып, ұрланғанын білдірді.
Сабах газеті «Бартинде 50 миллиард долларлық көмір байлығы экономикаға қосылатынын жазған. Газет Амасрада жер асты байлықтарын анықтау мақсатымен жасалған зертетуде 700 миллион тонналық көмір байлығы анықталғанын хабарлады.
Газет Кеннің ашылуымен экономикаға 50 миллиард доллар пайда әкелетінін, Энергия және Кен зерттеу фирмасының Амасра жұмыс директоры Өлмез тақырыпқа байланысты мынадай мәлімдеме жасағанын жазды:
«Көмір өндірісі үшін қазірге дейін Амасраға 400 миллион доллар қаржы жұмсадық. Алдағы кезде бұл қаржы 2 жарым миллиард долларға жетеді. Жылына 10 миллион тонна көмір шығаруды нысанаға алып отырмыз.»
Хүрриет газеті «Алтын бағасы екі аптада 5.5 пайыз артты» деген тақырыптағы хабарында халықаралық нарықта алтын бағасының Ирактағы оқиғалар себепті мың 322 долларға көтерілгенін жазды.
Йени Шафак газеті «Стамбүл ТҮИАП-қа дайындалуда» деген тақырыптағы хабарында «Китеатрымыздың 100 жылдығы» тақырыбымен биыл 33-ші мәрте ұйымдастырылатын Халықаралық Стамбұл Кітап жәрмеңкесінің құрметті қонағы Атилла Дорсай болатынын хабарлаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар