19.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

100118
19.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Діни қауымдық жалыны баршаны күйдірер» деп аталатын хабарында президент Абдуллах Гүлдің Сирия мен Ирактағы қақтығыстардың діни қауымдық соғысқа қарай бет алуының өкінішті жағдай екенін айтқанын білдірген.
Аталмыш газет келесі хабарында Дін істері басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмездің діни қауымдық соғысқа қарай бет алған Ирак және Сириядағы қақтығыстармен байланысты үндеу тастағанын атап көрсеткен. Хабарда Гөрмездің «Ешбір құрылым Ислам бауырластығы мен болмысын бұзуға бағытталған бастамаларға рұқсат бермеуге тиісті» дегенін жеткізген.
Хүррийет газеті «Самсун Гиннесске үміткер» деп аталатын хабарында неміс энергия алпауыты «Siemens»-тің Самсунда жаңа бір әлем рекорды жасауға дайындалғанын жазған. Газет Siemens фирмасының Самсунда құрған 600 мегаваттық (MW) табиғи газ станциясының өнімділігінде әлемде бірінші орын алатынын жеткізген. Осы рекордтың қазір «Siemens»-тің Алманияның Мюнхен қаласы маңындағы «Irsching» станциясында екенін атап көрсеткен газет 561 MW күшіндегі Irsching станциясының 60.75 пайыз өнімдік көрсеткішке ие екенін жазған. Хабарда Самсундағы станцияның іске қосылғанда 61 пайыз өнімділік көрсеткішіне ұласатыны және жаңа бір рекордқа қол таңба қалдыратынына назар аударылған.
Стар газеті «Үндістанның қызығы Афион қаласының мәрмәрі» деп аталатын хабарында Стамбұлдағы «Табиғи тас көрмесінде» үнді тұтынушылардың Афионда өндірілген мәрмәрлерге қатты назар аударғанын атап көрсеткен. Хабарда «Табиғи тас көрмесіне» әсіресе Еуропадан көптеген мемлекеттің қатысқаны білдірілген.
Акшам газеті «Нью-Йорк аңызы Бодрумда» деп аталатын хабарында Роберт Де Нироның атақты рестораны Нобудың Түркияда да бір филиал ашатынын атап көрсеткен. Газет 7-ші Нобу филиалының Бодрум Ялыкавактағы мега яхта портында ашылатынын жазған.
Миллийет газеті «323 миллион долларлық шыңдағы жалғыз түрік Өзил» деп аталатын хабарында Бразилиядағы әлем кубогында доп тепкілеген футболшылар арасында ең көп табысы болғанның 80 миллион доллармен Португалиядан Кристиано Роналдо екені білдірілген. Роналдо орын алған тізімдегі алғашқы 10 футболшының барлық табысының 323 миллион доллар екенін атап көрсеткен газет неміс Ұлттық құрама командасында форма киген түрік футболшы Месут Өзилдің 18.5 миллион долларлық табыспен тізімде 10-шы кезекте орын алғанын жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар