11.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер Түркияның маңызды жаңалықтарына орын берген.

90434
11.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі Хүрриет газетінің «Түрік экономикасы өсті» атты хабары:
«Түркия Статистика мекемесі Түркия экономикасының 2014 жылдың алғашқы ширегінде 4,3 пайыз өскенін хабарлады. Болжам 4 пайыз болатын. Жылдың алғашқы ширегінде экспорт пен мемлекеттік төлемдердің жылдам артқаны назар аударды. Экспорттың 11,4 пайыз артуы өсімнің де 4 пайыздан асуына себеп болды».
Йени Шафак газетінің «Соғыстан Түркияға қашу» атты хабары:
«Ресейшілдер мен үкімет күштері шайқасып жатқан Украинаның Донецк қаласында өмір сүретін түріктер отбасыларын Түркияға жолдады. Донецкте жұмыс істейтін 10 түрік жұмысқа байланысты өздерінің кете алмайтындары, алайда отбасыларының сенімді жерде болуы керектігін айтты.»
Акшам газетінің «8 миллион жылдың Чал үңгірінде адам келбеті табылды» атты хабары:
«Трабзонда қолданыс алаңымен әлемнің ең ұзын екінші кезектегі үңгірі болу ерекшелігіне ие Чал үңгірінде бір жартастың ішінен адам келбеті шығарылды. 8 миллион жылда қалыптасқаны болжалған үңгірдің ішіндегі адам жүзінің мұрын, ауыз, иек пен көздері анық көрінеді. Осы келбеттің ежелгі дәуірлерде жартасқа салынып салынбағаны зерттеледі»
Сабах газетінің «Өзек жасушасын күткендерге сүйінші» атты хабары:
«Түрік Қызылайы мен Денсаулық сақтау министрлігінің ұйытқы болуымен жүзеге асырылған ТүрікКөк жобасы аясында Қызылайдың қан донорларынан алынатын 4,5 миллиондық дата банкі өзек жасушасы трансплантациясын күткендерге үміт береді»
Сабах газетінің басқа бір хабары спортқа байланысты. «2014 ФИФА Әлем кубогының ең қымбат командасы – Испания»:
«Футболшылар турады зерттеу жүргізетін неміс ғаламторы transfermarkt-та жарияланған дерекке қарағанда, кубоктың фавориті ретінде көрсетілген Испания құрамасы 622 миллион евролық құнымен кубоктың ең құнды командасы. Испаниядан кейін 562 миллион евромен Германия, 467 миллион евромен Бразилия келеді».
Радикал газетінің «Сомада қайғы» атты хабары:
«Түрік кітапханашылар ұйымы мен Түркия баспашылар одағы Сома ауданына барып, балаларға сыйлыққа кітап таратады. Сома ауданы орталығы мен ауылдардағы мектептерге барып, әдебиетшілер де қолдау береді.»
Манисаның Сома ауданында бір көмір кенішінде 13 мамыр күні шыққан өртте 301 кенші қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар