08.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген

86716
08.06.2014 күнгі түрік баспасөзі

Хүррийет газеті «Әлемнің ең үлкен әуежайының ірге тасы Стамбұлда қаланды» деп аталатын хабарында Республика тарихының ең үлкен жобаларының бірі ретінде салынатын әуежайының 76,5 миллион текшеметрлік алаңға құрылатыны жазылған. Газет 6 тәуелсіз қону алаңы, 500 ұшақ аялдамасымен және 70 мың көліктік автокөлік аялдамасына қоса ең үлкен ерекшелігінің жылына 150 миллион адамға қызмет беретінін жазған.
Миллийет газеті «Иранмен келіссөздерде тұңғыш жаңалық» атты хабарында Түркия мен Иран арасында соңғы кезеңдегі ынтымақтастықтар аясында алғаш рет бір жаңалықтың жүзеге асатыны білдірілген. Хабарда Түркия-Иран Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің алғашқы жиналысының премьер-министр Режеп Таип Ердоған мен Иран президенті Хасан Рухани басшылығында өтетіні атап көрсетілген.
Йени Шафак газеті «Қазақ армиясына Аселсан қолдауы» деп аталатын хабарында Қазақстан Аселсан Инжениринг (KAE) фирмасының түнде көру құрал-жабдықтарының өндірісі үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігі және Қазақстан шекара қауіпсіздігі қолбасшылығымен екі бөлек келісімге қол қойғаны жазылған. Хабарға қарағанда Қазақстан Аселсан Инжениринг Қазақстан Қорғаныс министрлігінен түнде көру аппараттары мен қызыл сәулелі көру жүйесінің өндірісі және Қазақстанда саудасы үшін лицензия алған болатын.
Хабертүрік газеті «Түрік ойыншы Бродвей сахнасында» деп аталатын хабарында жас ойыншы Эсин Варанның АҚШ-та Бродвей сахнасына шығып, әлемге әйгілі бір сериалда роль алатыны атап көрсетілген. Газет Түркияда саясаттану білімі алған дегенмен сахна қиялдарының артына түсіп АҚШ-қа барған Эсин Варанның қабілетімен қысқа уақыттың ішінде Бродвейде өзіне назар аударғаны білдірілген.
Сабах газеті Кахраманмараш қаласының Улудаз төбесіне ұшқан кезде керемет бір көрініс ортаға қойған қанқыздардың ұлттық парк қызметкерлері тарапынан қорғауға алынғанын білдірген.
Хабарда фотосуретшілер тарапынан Улудаз төбесінде кездейсоқ табылған шамамен 50 миллион қанқыздың зиян көрмеуі және туризмге үлес қосуы үшін Табиғатты қорғау және ұлттық парк аймақтық басқармасы қызметкерлері тарапынан қорғалатыны жазылған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар