06.06.2014 күнгі түрік баспасөзіне шолу

Бүгін газеттер кейбір маңызды хабарларға орын берген

84723
06.06.2014 күнгі түрік баспасөзіне шолу

Стар» газеті Муғланың Бодрум қаласында өткен 4-ші Түрік Кеңесі президенттер саммитінің екінші күнінде отырысқа Абдуллах Гүлдің төрағалық еткенін жазған. Газет бұл саммиттің негізгі күн тәртібінің туризм екеніне назар аудара отырып, президент Абдуллах Гүлдің «Туризм тарихи Жібек Жолы үстіндегі елдеріміз арасында экономикалық және рухани маңызы бар сала» дегенін білдірген.
«Акшам» газеті Түркияда өткен 4-ші Түркітілдес елдер ынтымақтастық саммитінде бұрынғыдан да тығыз ынтымақтастық пен әріптестік мақсаты қойылғанын білдірген. Газет мемлекет аралық интеграцияны қалыптастыру үшін ортақ телеарна құру туралы шешім қабылданғанын жазған.
«Йени Шафак» газетінің « Ыстанбұлға турист ағылуда» атты хабарында Ыстанбұл қаласына осы жылдың алғашқы 5 айында 4 миллион 292 мың 582 турист келгені жазылған. Газет Ыстанбұл мәдениет пен туризм департаментінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ататүрік пен Сабиха Гөкчен әуежайлары мен Хайдарпаша, Пендик және Каракөй айлақтары арқылы қалаға келген шетелдік туристердің санының өткен жылдың осы маусымымен салыстырғанда 8 пайыз артқанын білдірген. Хабарда әуе жолы арқылы келгендердің өткен жылдың қаңтар-мамыр айы кезеңімен салыстырғанда 9 пайыз артқанына назар аударылған.

«Ватан» газетінің «Ыстанбұл тұрғындары аяқкиімді 1 лираға алатын болады» атты хабарында әлемдегі ең үлкен сауда-саттық пен көңіл көтеру фестивалі болып табылатын Ыстанбұл Shopping Fest-тің ертең ашылатыны жазылған. Газет атақты трендтер баға төмендету жарысына кіретін фестиваль кезінде аяқкиімдердің 1 лираға сатылатынын білдірген.

«Сабах» газетінің «Игі ниет елшіміз жұмысқа кірісті» атты хабарында атақты актриса Туба Бүйүкүстіннің «ЮНИСЕФ игі ниет елшісі» ретінде алғашқы зияратын Килиске жасағаны білдірілген. Газет Туба Бүйүкүстіннің Килисте Сириялық балалармен бас қосқанын жазған.

«Хүрриет» газетінің «Әл-Жазира журналистеріне ұзақ мерзімге түрмеге отырғызу жазасын беру талап етілді» атты хабарында Мысырда әскери төңкеріс үкіметінің баспасөзге қысымы жалғасып жатқаны жазылған. Газет Мысырда тиым салынған «Мұсылман Бауырлар» ұйымына жәрдем берген және арандатушы хабарлар таратқан деген айып тағылып қамауға алынған «Әл-Жазира» -ның үш журналистіне 15-25 жыл арасында түрмеге отырғызу жазасы талап етілгенін білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар