Тарихта  28  қараша

Тарихта бүгін

1534856
Тарихта  28  қараша

 

                         

28 қараша 1938

10 қараша күні дүниеден озған Түркия Республикасының құрушысы және алғашқы президент Мұстафа Кемал Ататүріктің жеке өсиетнамасы жарыққа шықты. Ататүрік өсиетнамасында туыс-туғандарына, Түрік тілі және түрік тарих қоғамына заттық жәрдем жасалу шартымен барлық мал-мүлкін Республика Халық партиясына тастады.

                                 

 

28 қараша 1943

АҚШ президенті Рузвельт, Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилль және Кеңес Одағы басшысы Сталин Тегеран саммитінде бас қосты. 3 күнге созылған саммитте Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең үшін одақтастар арасында пайда болған пікірталастар артты.

 

 

 

 

28 қараша 1979

Католик шіркеуінің және Ватикан елінің лидері Папа Джан Паул II ресми сапармен Анкараға келді. Папа Джан Паул II Түркия Республикасына  ресми сапармен келген тұңғыш Папа болды. 27 жылдан кейін дәл сол күні  Папа XVI Бенедикт те президент Ахмет Недждет Сезердің қонағы ретінде Түркияға келді.

 

 

 

28 қараша 2002

Түрік поэзиясының ұлы ақыны, «Гарип» ағымы басшыларының бірі Мелих Джевдет Андай 87 жаста Стамбулда дүниеден озды.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар