Тарихта 22 қазан

Тарихта бүгін

1513462
Тарихта 22 қазан

1962 жыл

«Куба зымыран дағдарысы» басталды. АҚШ президенті Джон Фицджералд Кеннеди Кубада Кеңес Одағы зымырандар бар екенін ресми түрде жариялады және Фидел Алехандро Кастро Рус билік жасаған Кубаға бағытталған санкция шешімдерін әлемге жариялады. АҚШ әскери-теңіз флоты Кубаны қоршады. Әлем ядролық соғыс қаупімен алғаш рет бетпе-бет кездесті.

 

 

1975 жыл

Түркияның Австрия өкілетті елшісі Даниш Тунагил 3 армян террорист тарапынан шәйіт етілді.

 

 

 

1983 жыл

Федеральдық Германия және Францияда ұйымдастырылған ядролық қаруларға қарсы шерулерге жалпы 1 миллион 500 мың адам қатысты. Шерушілер ядролық қарулардың жойылуын және Атом энергия стансаларының жабылуын талап етті.

 



Ұқсас жаңалықтар