Тарихта 28 тамыз

Тарихта бүгін

1480120
Тарихта 28 тамыз

 

1963 жыл… АҚШ-та оңтүстік штатында басталған “Азаматтық құқықтар шеруі” Вашингтонда аяқталды. 

Қара нәсілді активист Мартин Лутер Кинг 200 мың адамға қарап “Бір арманым бар” деп басталатын атақты баяндамасын оқыды. 

**

    1988 жыл… Германия Рамстейн әуе базасындағы авиация қойылымы барысында Италия Әуе күштері акробат командасының үш ұшағы соқтығысып,  көрермендердің үстіне құлады. Апатта 75 адам қаза тапты, 346 адам жарақат алды.                                       

**

1995 жыл… Сербтер Сараеводағы Маркале базарын бомбалады. Екінші рет болған қырғында 43 адам қаза тапты, 75 адам жарақат алды.


Этикеттер: #АҚШ , #Германия , #Сараево

Ұқсас жаңалықтар