Тарихта 28 шілде

Тарихта бүгін

1462794
Тарихта 28 шілде

1750 жыл

Әлемге танымал классикалық музыка композиторларының бірі Иоганн Себастьян Бах 65 жаста дүниеден озды.

 

 

 

1914 жыл

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Ұлыбритания және Франция басшылық жасаған Еншілес мемлекеттер мен Германия бастаған одақтас күштер арасындағы соғыс 4 жылға созылды. 1917 жылы АҚШ қосылуымен Германия мен одақтастары бейбітшілік сұрауға мәжбүр болды. Шамамен 70 миллион сарбаз қатысқан соғыс әр түрлі майданда 9 миллион сарбаз бен он мыңдаған бейбіт адамның жанын қиды. Соғыстың маңызды салдарының бірі – соғысқа қатысқан елдердің көпшілігінде жаңа саяси үкіметтер пайда болуы және империялардың ыдырау процесіне кіруі.

 

1976 жыл

Қытайдың Тангсан қаласында 7,8 баллдық жер сілкінісі болды. Мыңдаған ғимарат қираған жер сілкінісінде 240 мыңнан астам адам опат болды.

 



Ұқсас жаңалықтар