Тарихта 23 шілде

Тарихта бүгін

1459851
Тарихта 23 шілде

 

 

1919 жыл... Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Анадолының басып алынуына қарсы ұйымдасқан бірінші жиналыс – Ерзурум құрылтайы басталды.  Амасия декларациясында қабылданған шешімге сай жиналған құрылтайға 62 делегат қатысты. 19 мамыр күні Самсунға барып, ұлттық күресті бастаған Мұстафа Кемал Паша Құрылтай төрағасы болып сайланды.

**

2004 жыл... Югославия азаматтық соғысы барысында серб және хорваттардың шабуылдарында қираған Мостар көпірі қайта ашылды.  Ғасырлар бойы Боснияда кішіпейілділік пен мәдени түрліліктің символы болған Мостар көпірінің беташарына Түркия секілді көптеген елден лауазымдылар қатысты.  Көпірді Ұлыбритания тақ әмеңгері ханзадасы Чарльз ашты.

**

2005 жыл... Әл Кайда террорлық ұйым Мысырдың Шарм әл-Шейх қаласының үш бөлек жерінде бомбалы лаңкестік ұйымдастырды.  Лаңкестіктерде 68 адам қаза тапты. Олардың 20-сы шетел азаматтары болатын.



Ұқсас жаңалықтар