Тарихта 5 мамыр

Тарихта бүгін.

1410523
Тарихта 5 мамыр

1821 жыл

Еуропа тарихына із қалдырған Франция императоры Наполеон Бонапарт жер аударылған Қасиетті Елена аралында 51 жаста дүниеге көз жұмды.

 

 

 

1949 жыл

Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Голландия, Дания, Ирландия, Швеция, Италия, Люксембург және Новегия «Еуропа Кеңесін» құрды. Орталығы Страсбургтегі Еуропа Кеңесінің қазір 47 мүшесі бар. Түркия Еуропа Кеңесі құрамына қосылған алғашқы елдердің бірі болғандықтан «Құрушы ел» мәртебесінде қабылданды. Еуропадағы Адам құқықтары соты Еуропа Кеңесіне бағынады.

 

1968 жыл

Францияда АҚШ-тың Вьетнам соғысына қарсы шеруге шыққан 6 студент тұтқындалған соң Парижде студенттер көтерілісі басталды. 30 мың студент қалада баррикадалар құрып қақтығысты.



Ұқсас жаңалықтар