Тарихта 23 сәуір

Тарихта бүгін.

1403492
Тарихта 23 сәуір

1616 жыл

«Ромео және Джульетта», «Гамлет» және «Макбет» атты пьесалардың авторы, әлемнің ең әйгілі драматургтарының бірі, ағылшынның ұлы ақыны Уильям Шекспир  52 жаста дүниеден озды.

 

 

1920 жыл

Шетелдік күштер Стамбулды басып алған соң Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Анкарада ашылды. «Ұлттың үстемдігі» қағидасын қолдана отырып, Мәжілістің тұңғыш төрағасы ретінде бірауыздан Мұстафа Кемал Паша сайланды. Түркияның ұлт азаттық  соғысын басқарған ТҰҰМ елдегі әртүрлі этникалық ұлт өкілдерін тәуелсіз бір елдiң шаңырағы астында жинады. Мәжіліс ашылған 23 сәуір күні 1935 жылдан бастап Түркияда «Ұлттық егемендік және балалар фестивальі» ретінде тойлануда.



Ұқсас жаңалықтар