Тарихта 6 ақпан

Тарихта бүгін.

1354137
Тарихта 6 ақпан

1952 жыл

Елизавета ІІ әкесі король Джордж VІ қайтыс болған соң Ұлыбританияның патшайымы ретінде таққа отырды.  Патшайым Елизавета ІІ 2015 жылы 9 қаңтар күні Патшайым Викторияның билікте қалу мерзімін артта қалдырып, Ұлыбритания тарихының тақта ең ұзақ отырған және әлем тарихындағы ең ұзақ билік жүргізген патшайымы атағына қол жеткізді.

 

 

 

1958 жыл

Мюнхен әуежайындағы ұшақ апатында араларында Манчестер Юнайтед (Manchester United) командасының 7 футболшысы бар 23 адам қаза тапты.

 

 

1983 жыл

Екінші Дүниежүзілік соғыста «Лион қасапшысы» атағымен даңқы шыққан гестапо қолбасшысы Клаус Барби жасаған адамдық қылмыстар себепті Францияда сот алдына шықты. Сот Барбиге өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім кесті.

 

 

 

2004 жыл

Мәскеу метросында жарылыс болды. Террор шабуылы екені жарияланған оқиғада 40 адам қаза тапты, 129 адам жарақат алды.

 

 

 


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар