Тарихта  3  ақпан

Тарихта бүгін

1351908
Тарихта  3  ақпан

 

1451 жылы 3 ақпан күні әлем тарихына «Жаңа ғасырды ашып, өткен ғасырды жапқан түрік» деп жазылған Османлы Империясының VII патшасы Фатих Сұлтан Мехмет әкесі II Мұраттың қайтыс болуымен екінші мәрте Османлы тағына ие болды.

 

 

 

 

1969 жылы 3 ақпанда Ясир Арафатты Палестина Ұлттық Кеңесі Палестинаны Азат ету Ұйымың төрағасы ретінде тағайындады. Арафат Израильмен ешбір бейбітшілік талпынысын қабылдамады.

 

 

 

 

2004 жылы 3 ақпанда Әзірбайжан мұнайын Түркия және әлем нарығына жеткізілетін Баку Тбилиси Джейхан мұнай құбыр желісі жобасымен байланысты соңғы келісімдер Бакуде жасалды.

 

 

 

2006 жылы 3 ақпан күні Сауд Арабиясынан Мысырға бара жатқан жолаушы кеме Мысырдың Хургада портына 40 миль қалғанда, Қызыл теңізге батты. Кемедегі 1400 жолаушы мен экипаждан тек 388 адам ғана құтқарылды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар