Тарихта 6 қаңтар

Тарихта бүгін

1334453
Тарихта 6 қаңтар

Тарихта 6 қаңтар

1838 жыл... Коммуникацияда жаңа дәуір бастатқан Морзе әліпбиін Сэмюэл Морзе жариялады. Суретші Морзе алғашқы телеграфтың шартты белгілерін жетілдірді.

                       

 

1921 жыл... Анадолыны басып алған грек армиясы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісін жаншу үшін қозғалысқа өтті.  Грек жасақтары Ескишехир және Афионның шығысына шабуылдап, 1-ші Инөнү шайқасы басталды. Грек армиясы екі күннен кейін Биледжикті басып алды.

                    

1984 жыл... Тунисте «Нан көтерілісі» басталды.  Нан бағасы 125 пайыз артып, халық көшеге шықты.  Қауіпсіздік күштерінің килігуімен қақтығысқа айналған шерулерде 75 адам қаза тапты. Мыңнан астам адам қамауға алынды.  Елде төтенше жағдай жарияланды.

                        

2016 жыл... Солтүстік Корея әкімшілігі бірінші рет сутегі бомбасын сынағандарын және сынақтың табысты өткенін жариялады. Сынаққа халықаралық қоғам қатты наразылық білдірді,  алайда Америка сынаққа байланысты ешбір айғақ табылмағанын хабарлады.

                 

 



Ұқсас жаңалықтар