Тарихта 2 қаңтар

Тарихта бүгін.

1332053
Тарихта 2 қаңтар

Тарихта 2 қаңтар

 

 

1951 жыл

Құрушылары арасында орын алған Түркия Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне уақытша мүше болып сайланды. 1954 және 1961 жылдары арасында Қауіпсіздік Кеңесіне уақытша мүшелік жасаған Түркия рекорд дауыс жинап, 2009-2010 жылдары бұл міндетті екінші рет атқарды.

 

 

 

1975жыл

Түркия мемлекеттік радиолары TRT шаңырағы астында «TRT1», «TRT2» және «TRT3» деген атпен 3 бөлек қысқа толқыннан эфирге шыға бастады.

 

 

1971 жыл

Шотландияның екі үлкен клубы «Glasgow Rangers» пен «Celtic» арасында ойналған матчта шыққан дүрбелең салдарынан футбол тарихының ең үлкен трагедиясы болды. «Ibrox трагедиясы» деп аталған оқиға матчтың соңғы минутында жанкүйерлердің дүрбелеңімен басталды және 66 адам тұншығып мерт болды. Оқиғада 200-ден астам адам жарақат алды.

 

 

 

 

2016 жыл

Иран мен Сауд Арабиясы «дарға асу» дағдарысымен қайтадан бетпе-бет қалды. Сауд Арабиясы азаматы 57 жасар шиіт дін қызметкері Айетуллах Нимр әл-Бакыр Нимр Әр-Рияд әкімшілігі тарапынан террормен айыпталып, дарға асылған соң Иранның көптеген қаласында Сауд Арабиясына қарсы шерулер ұйымдастырылды. Тегерандағы шерулер кезінде Сауд Арабиясының Ирандағы өкілетті елшілігі өртенді.

 


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар