Тарихта 27 желтоқсан

Тарихта бүгін

1328844
Тарихта 27 желтоқсан

537 жыл... 532 жылғы көтеріліс барысында құлаған Аясофия шіркеуінің құрылысы аяқталды. Византия императоры І Юстиниан қатысқан рәсіммен Аясофия ғибадатқа қайтадан ашылды.

**

1919 жыл... Мұстафа Кемал Паша мен Сиваста сайланған Өкілдер делегациясы Анкараға келді. Мұстафа Кемал Пашаны Дікменде Анкара тұрғындары шаттықпен қарсы алды.

**

1936 жыл... Түркия Республикасының ұлттық ән ұранының авторы Мехмет Акиф Ерсой Стамбулда дүниеден озды.

**

1945 жыл... Халықаралық Валюта фонды ІМҒ 29 мүше елдің қатысуымен құрылды.

**

1975 жыл... Үндістан Бихарда кен ошағында жарылыс болып, 372 адам қаза тапты.

**

2007 жыл... Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхутто сайлау науқаны барысында қастандықпен өлтірілді.

**

2008 жыл... Израиль армиясы Газа секторына бомба жаудырды.  Газа қаласы мен төңірегінде 230 палестиналық азамат қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар