Тарихта 25 желтоқсан

Тарихта бүгін

1328215
Тарихта 25 желтоқсан

1876 жыл... Пәкістанның құрушысы Мұхаммед Али Джиннах дүниеге келді.

**

1932 жыл... Қытайдың Гансу уәлаятында 7,6 балдық жер сілкінісі болды.  Жер сілкінісінде шамамен 70 мың адам қаза тапты.

**

1973 жыл... Түркия Республикасының екінші президенті, Мұстафа Кемал Ататүріктің ең жақын қарулас жолдасы және Ататүріктен кейін 35 жыл Республика Халық партиясын басқарған Исмет Инөнү Анкарада 89 жасында көз жұмды.

**

1976 жыл... Мысыр әуежолдарының жолаушы ұшағы Тайландтың бас қаласына қонарда құлады,  апатта 71 адам қаза тапты.

**

1989 жыл... Румынияда халық көтерілісінде биліктен кеткен мемлекет басшысы Николай Чавушеску мен жұбайы Елена Чавушеску атып өлтірілді.

**

2016 жыл... Сириядағы орыс базасына бару үшін Сочиден көтерілген әскери ұшақ Қаратеңізге құлады. Оқиғада 92 адам қаза тапты.

 



Ұқсас жаңалықтар