Тарихта 22 желтоқсан

Тарихта бүгін.

1326976
Тарихта 22 желтоқсан

1858 жыл

 «Богема» және «Турандот» операларымен танымал италияндық композитор Джакомо Пуччини Италияның Лукка қаласында дүниеге келді.

1894 жыл

Құқық тарихына із қалдырған және тыңшылықпен айыпталған жүзбасы Альфред Дрейфустың сот отырысы басталды. Қателік жасалғаны 12 жыл өткен соң ортаға шыққан шындықпен жарияланған Дрейфустың cот процесі Францияда жалғасты.

1925 жыл

Түрік футболының аты аңызға айналған футболшысы Лефтер Күчүкандонядис Стамбулда дүниеге келді.

1963 жыл

Лакония атты жолаушы кемесі Португалия теңіз айдынында өртенді. Апатта 128 адам қаза тапты.

1979 жыл

Париждегі Түрік туризмі және таныту кеңесшісі Йылмаз Чолпан армян террор ұйымы «ASALA» тарапынан шәйіт етілді.

2011 жыл

Армяндардың 1915 жылғы айыптауларын мойындамауды «қылмыс» деп санайтын заң ұсынысы Франция Мәжілісі тарапынан қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар