Тарихта 15 желтоқсан

Тарихта бүгін.

1321080
Тарихта 15 желтоқсан

1866 жыл

Орхон жазба ескерткіштері алғаш рет оқылды. Филология және Түркология ғылымдарының маманы Вильгельм Людвиг Петер Томсен Даниядағы Патшалық Ғылымдар академиясына ұсынған докладында Көктүрік әліпбиін ашқанын және жазбаларды оқығанын ғылым әлеміне жариялады. Жазбалардан Билге қаған бітіктасының шығыс жүзіндегі «Түрік оғыз мырзалары, халқы тыңдаңдар! Көк аспан құламаған соң, астымыздағы жер тесілмеген соң түрік халқы, сенің еліңді, заңдарыңды кім қиратып бұза алады!» деген сөйлемді оқыды.

1941 жыл

Румыниядан Палестинаға қарай жолға шыққан және шамамен 800 еврей мінген «Струма» атты кеме Стамбул маңында моторы бұзылып тоқтап қалды. Халықаралық қысымдар себепті түрік үкіметі жолаушылардың құрлыққа шығуына рұқсат бермеді. Алайда кемеге күн сайын азық-түлік берілді.

1989 жыл

Румынияда диктатор Николай Чавушеску мен жұбайы Еленаның  25 желтоқсан күні атып өлтірілуіне себеп болған халық көтерілісі басталды. Оқиғалардың алғашқы күнінде 115 адам өлтірілді.

1992 жыл

TRT-нің алғашқы Бас директоры Аднан Өзтрак 77 жаста дүниеге көз жұмды.

1995 жыл

Еуропадағы Әділет алқасы бельгиялық футболшы Босман ашқан соттық істің шешімін жариялады. Спорт әлемінде «Босман ережелері» деп танымал шешімдерге қарағанда, Еуроодаққа мүше елдердің ұлттық лигасында басқа командаларға берілген футболшының Еуроодақ азаматы болу шарты мен шетелдік ойыншы санын шектеу ережесі жойылды. Футболшылармен жасалған келісім мерзімі аяқталған соң қосымша кету ақшасы төлемей өздері қалаған клубта ойнауына мүмкіншілік берілді.


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар