Тарихта  14 желтоқсан

Тарихта бүгін

1322606
Тарихта  14 желтоқсан

 

 

 

     1799 жылы 14 желтоқсан күні Америка Құрама Штаттарының құрушы лидері және алғашқы президент Джордж Вашингтон дүниеден озды.

         ***

      1911 жылы 14 желтоқсанда норвегиялық жиһангер Руал Амундсен Солтүстік Арктикадан өтіп, Оңтүстік Арктиканың соңғы түйініне жетті.

         ***

      1935 жылы 14 желтоқсан күні футбол тарихында таңғажайып  бір оқиға болды. Ағылшын футбол командасы Арсенал Астон Вилла командасын                                         7-1 есебімен ойсырата жеңді. Арсеналдың 7 голін де Тед Траке салды.

         ***

      1953 жылы 14 желтоқсанда Иш Банкы (İş Bankası) несиелері бар Республика Халық партиясына тиесілі мал-мүліктердің Қазынаға аударуын мақұл көрген заң Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде қабылданды.

         ***

       1954 жылы 14 желтоқсан күні Кипр мәселесі Біріккен Ұлттар Ұйымына көтерілді. Түркия өкілі Селим Сарпер «Кипр түрік жағажайларына 40 миль, Грекияға болса 600 миль қашықтықта. Бұл арал Грекияға тиесілі болмайды» деген сөздері арқылы Энозис қиялына қарсы Түркияның тұғырын жариялады.

         ***

    1960 жылы 14 желтоқсанда Босфор Бұғазында Грекия мен Югославия мұнай танкерлері соғылысты. Апат маңдағы Тарсус жолаушы кемесінің де өртеуіне себеп болды. Апатта 52 адам көз жұмды. Теңізге төгілген тонналаған газ майы 52 күн бойынша алауланды.

         ***

         1960 жылы 14 желтоқсан күні АҚШ, Канада, Түркия ортақ нарық мүшесі 9 ел және Еуропа еркін сауда одағы мүшесі 7 ел  қысқаша аты OECD болған Экономикалық және ынтымақтастық ұйымының құрылуы үшін Париж келісіміне қол қойды.

         ***

      1981 жылы 14 желтоқсанда Израиль әкімшілігі 1967 жылы 6 күнгі соғыстан кейін Голан төбелерін басып алғанын жариялады. Израиль парламенті басып алу шешімін сол күні бекітті.

         ***

     1989 жылы 14 желтоқсан күні адам құқықтары қорғаушысы және Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері, Кеңес Одағы ғалымы Андрей Сахаров 67 жасында дүниеден озды.

         ***

       1995 жылы 14 желтоқсанда Югославияда 3 жыл жалғасқан азаматтық  соғысты доғарған Дайтон бейбітшілік келісіміне Алия Иззетбегович, Слободан Милошевич және Франьо Туджман қол қойды.

         ***

     2005 жылы 14 желтоқсанда әлемге әйгілі америкалық жазушы Родни Уильям Читакер 74 жасында қайтыс болды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар