Тарихта 12 желтоқсан

Тарихта бүгін.

1321077
Тарихта 12 желтоқсан

1866 жыл

Ұлыбританияның Оңтүстік Йоркшир аймағындағы Оакс көмір шахталарында гризу газы жарылды. Апатта 400 кенші опат болды.

1870 жыл

АҚШ-та құлдықты жойған ұлтазаттық соғыстан 5 жыл өткен соң Оңтүстік Каролина штатына өкілдік жасаған Джозеф Хейн Рейни АҚШ Конгресіне сайланған алғашқы қара нәсілді болды.

1913 жыл

Париждегі Лувр мұражайынан 1911 жылы ұрланған «Мона Лиза» картинасы Италияның Флоренс қаласында табылды.

1928 жыл

Әлем әдебиетінің белгілі жазушысы Шыңғыс Айтматов Қырғызстанда дүниеге келді.

1940 жыл

Фашисттерден қашқан еврей босқындар мінген «Сальвадор» атты кеме Силиври теңіз айдынында боран салдарынан жартастарға соқтығысып суға кетті. Кемедегі 352 жолаушыдан 219-ы тұншығып немесе үсіп қаза тапты.

1946 жыл

Түркия Екінші дүниежүзілік соғыстың артынан 12-18 желтоқсан күндерін «Жергілікті өнімдер апталығы» ретінде тойлай бастады.

1992 жыл

Индонезияның Нуса Тенггара аймағындағы аралдар 6.8 күшіндегі жер сілкінісімен шайқалды. 1 мың 490 адам қаза тапты.

2000 жыл

АҚШ-та шатаққа айналған сайлау қорытындысында соңғы сөзді Федералдық Жоғары сот сөйледі. Флорида дауыстарының қайтадан санаққа алынуын қабылдамаған жоғары сот президенттік сайлауда республикашыл үміткер Джордж В. Буштың жеңіске жеткенін жариялады.

2003 жыл

Әзірбайжанның 3-ші президенті Гайдар Әлиев АҚШ-та дүниеге көз жұмды.

2010 жыл

«Алтын Хызма Мүлайим» атты әнімен танымал Киркук халық әндері орындаушысы Абдуррахман Қызылай дүниеден озды.


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар