Тарихта 10 желтоқсан

Тарихта бүгін.

1320524
Тарихта 10 желтоқсан

1898 жыл

Куба Испания мен АҚШ соғысының артынан қол қойылған Париж келісімі негізінде тәуелсіздігін алды.

1901 жыл

Нобель сыйлығы алғаш рет табыс етілді. Бес бөлек категорияда табыс етілген алғашқы Нобель сыйлықтары ғалым Вильгелм Рентген, Якоб Хенри Вант-Гофф және неміс микробиолог Эмиль Адольф фонБерингке қоса, француз ақын Сюлли Прюдома, Қызыл крест қозғалысын құрған швейцариялық Генри Дунант және Бейбітшілік лигасы құрушысы француз  Фредерик Пассиге берілді.

1948 жыл

Адам құқықтары конвенциясы Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданды. Түркия қолдау берген конвенция қабылданған 10 желтоқсан күні «Халықаралық Адам құқықтары күні» ретінде жарияланды.

1957 жыл

Понтилердің түріктерге шабуылдары артқан соң Кипрде коменданттық сағат жарияланды.

1983 жыл

Аргентинада әскери билік өзгерді. Елде 8 жылдық әскери биліктің артынан Раул Алфонсин президент болып сайланды.

1988 жыл

Түркияда алғашқы бауыр трансплантациясы Хаджеттепе Университеті ауруханасында жүзеге асты. Профессор Мехмет Хаберал және дәрігерлер тобы дүниеге көз жұмған Ахмет Акташтың бауыры, бүйрек пен көздің мүйізгек қабықтарын 5 науқасқа операциямен салды.

2003 жыл

Әйел және бала құқығы жайлы жүргізген жұмыстарымен танымал Ширин Эбади Нобель Бейбітшілік сыйлығын алған алғаш мұсылман және ирандық әйел болды.

2006 жыл

Чилиді 1973 жылдан бастап, 17 жыл бойынша диктаторлық режиммен басқарған Аугусто Пиночет Чилиде дүниеден озды.

2016 жыл

Түркияда президенттік аппараттың әкімшілік жүйесін қалыптастыратын Атазаң өзгерісі ұсынысы 316 депутаттың қолдауымен Түркия Ұлы Ұлттық Ұйымы (ТҰҰМ) әкімшілігіне ұсынылды.

2016 жыл

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK Стамбул Бешикташта полицияны нысанаға алып, бомбалы шабуыл жасады. Шабуыл нәтижесінде 44 адам шәйіт болды, 164 адам жарақат алды. Түркияда 3 күндік аза тұту жарияланды.

 


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар