Тарихта 27 қазан

Тарихта бүгін.

1293375
Тарихта 27 қазан

1492 жыл

Христофор Колумб алғаш рет Кубаға аяқ басты және Испания атынан тәркіледі.

1806 жыл

Наполеон Бонопарт қолбасшылығында француз армиясы Берлинді басып алды.

1922 жыл

Италияда Бенито Муссолини басшылығындағы өздерін «Қара көйлектілер» деп атаған фашист күштер Неапольден Римге қарай жаяу шеру ұйымдастырды. 2 күннің артынан Римге ұласқан «Қара көйлектілер» коалиция үкіметін төңкерді және билікті бақылауға алды.

1958 жыл

Пәкістанның алғашқы президенті Искендер Мирза 20 күн бұрын тағайындаған Бас штаб басқармасы төрағасы генерал лейтенант Эйюб Хан тарапынан қансыз бір төңкеріспен міндеттен босатылды.

1978 жыл

Нобель Бейбітшілік сыйлығы Мысыр президенті Энвер Седат және Израиль премьер-министрі Менахем Бегинге табыс етілді.

1982 жыл

Қытай Халық Республикасы ел тұрғын санының 1 миллиардтан асқанын ресми түрде жариялады.

1991 жыл

Түрікменстан Кеңес Одағынан тәуелсіздігін алғанын жариялады және Сапармұрат Түрікменбашы тұңғыш президент болып сайланды.

1992 жыл

Түрік армиясының PKK террор ұйымына қарсы Хантур тауында бастаған операциясында 100 террорист залалсыздандырылды.

1999 жыл

Армения премьер-министрі Вазген Саркисян мен жоғары лауазымды 8 адам парламентте жасалған қарулы шабуылда өлтірілді.

2005 жыл

Парижде Солтүстік Африка текті 2 мұсылман баланың өлімінің артынан қақтығыстар басталды. Ел көлеміне тараған оқиғаларда 300 ғимарат пен 10 мың автокөлік өртенді. 3 аптаға созылған қақтығыстарда 130 адам жарақат алды.

2017 жыл

Гонконгта өндірілген және қарияларға жәрдем мақсатты жобаланған София (Sophia) атты роботқа азаматтық берілді. София азаматтық берілген тұңғыш робот болды.



Ұқсас жаңалықтар