Тарихта 25 қазан

Тарихта бүгін

1293379
Тарихта 25 қазан

1147 жыл... Сұлтан І Месуд қолбасшылығындағы Селчук армиясы неміс королі ІІІ Конрад басшылығындағы Кресті армиясын Ескишехир маңында жермен-жексен қылды.

**

1917 жыл... Владимир Ленин басшылығындағы Большевиктер Ресейде билікті қолына алды.

**

1924 жыл... Түрік ұлтшылдығының маңызды тұлғаларының бірі,  жазушы, ақын және саясат қайраткері Зия Гөкалп Стамбулда дүниеден озды.

**

1936 жыл... Адольф Гитлер және Бенито Муссолини Берлин-Рим саяси одағын құрғандарын жариялады.

**

1947 жыл... Кеңес Одағы Түркияға дипломатиялық нота беріп,  Босфор мен Дарданель бұғаздарында әскери база мен Карс және Ардаханның өздеріне берілуін талап етті. Түркия бұл талаптарға қарсы шықты. АҚШ пен Ұлыбритания да Түркияға қолдау беріп,  Кеңес Одағы басшылығы 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін осы талаптарынан толықтай бас тартқандарын жариялады.

**

1971 жыл... Қытай Халық Республикасы Тайвань шығарылғаннан кейін БҰҰ-на мүше болды.

**

2004 жыл... Куба мемлекет басшысы Фидель Кастро елінде АҚШ долларымен сауда жасалуына тыйым салынғанын білдірді.

**

2009 жыл... Ирактың бас қаласы Бағдатта Әділет министрлігі мен акимат ғимаратына бомбалы шабуыл жасалды.  90 адам қаза тауып, 600 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар