Тарихта 13 қазан

Тарихта бүгін.

1286561
Тарихта 13 қазан

1884 жыл

Лондон қаласы маңында орналасқан Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан бастапқы меридиан (немесе нөлдік) деп аталды және бастапқы меридиандағы уақыт дүниежүзілік уақыт болып қабылданды.

1911 жыл

Триполи соғысында италияндықтар Ливияның Дерне қаласын басып алды.

1921 жыл

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) үкіметі Әзірбайжан, Армения және Грузиямен Карс келісіміне қол қойды. Шығыс майданында ұлт азаттық соғыс тоқтады.

1923 жыл

Түркияның бас қаласының Анкара екені ТҰҰМ тарапынан бүкіл әлемге паш етілді.

1972 жыл

Кеңес Әуе жолдарына тиесілі жолаушы ұшағы Мәскеуде құлады. Апатта 176 адам қаза тапты.

1976 жыл

Боливия Әуе жолдарына тиесілі бір жүк ұшағы Санта Круз қаласына құлады. Көпшілігі бала және 97-сі жерде, барлығы 100 адам қаза тапты.

1986 жыл

АҚШ президенті Рональд Рейган және Кеңес Одағы басшысы Михаил Горбачев стратегиялық ядролық қарулардың бақылауы тақырыбында келісе алмады.

1990 жыл

1975 жылдан бері жалғасып жатқан Ливан ішкі соғысы аяқталды. 15 жылдық соғыста 230 мың адам қаза тапты, 350 мың адам жарақат алды және 1 миллионнан астам ливандық босқынға айналды.

2006 жыл

Нобель бейбітшілік сыйлығы бангладештік Мұхаммед Юнус және Грамеен банкқа (Grameen Bank) табыс етілді.

2010 жыл

Чилидегі кен апатында жер астында қыспақта қалған 33 кенші 69 күннің артынан аман-есен құтқарылды.



Ұқсас жаңалықтар