Тарихта 12 қазан

Тарихта бүгін

1286052
Тарихта 12 қазан

1492 жыл... Христифор Колумб Кариб аралдарына жетті және Америка құрлығына аяқ басты,  бірақ Колумб Шығыс Үнді аралдарына жеттім деп ойлады.

**

1917 жыл.. Бірінші дүниежүзілік соғыста Бельгияда бірінші рет қыша газы қолданылды. Бір күнде шамамен 20 мың әскер қаза тапты.

**

1964 жыл... «Джеймс Бонд» туындыларының авторы, ағылшын жазушы Ян Флеминг 56 жасында қайтыс болды.

**

1979 жыл... Түркияның Голландиядағы өкілетті елшісі Өздемир Бенлердің ұлы Ахмет Бенлерді АСАЛА террорлық ұйымы шейіт етті.

**

1984 жыл... Террорлық ұйым IRA Маргарет Тэтчер тұрған қонақүйге бомба лақтырды.  Тэтчер шабуылдан аман қалды,  бес адам қаза тапты.

**

1991 жыл... Кеңес Одағы басшысы Михаил Горбачев КГБ-ні таратты.

**

1999 жыл... Бас штаб төрағасы генерал Первез Мүшарраф Пәкістанда қансыз төңкеріспен билікке келді.

**

2002 жыл... Индонезияның туристік аралы Балиде бір түнгі клубқа бомбалы шабуыл жасалды. Көпшілігі шетелдік 202 адам қаза тапты, 300-ден астам адам жарақат алды.

**

2017 жыл... Түрік әскері қақтығысты баяулату аймағын бақылау үшін Сирияның Идлиб қаласына кірді.  Операцияда 30 сауытты көлік пен 100-ден астам әскер орын алды.



Ұқсас жаңалықтар