Тарихта 10 қазан

Тарихта бүгін.

1285002
Тарихта 10 қазан

680 жыл

Ирактың Кербела қаласы маңында Әзірет Мұхаммед пайғамбардың немересі Әзірет Хүсейин және қасындағылар Эмеви халифасы Йезидке қарасты әскерлер тарапынан өлтірілді. Осы оқиға тарихқа «Кербела қырғыны» деп таңба қалдырды.

1911 жыл

Карибтерде шыққан дауылда шамамен 20 мың адам қаза тапты.

1933 жыл

«United Airlines» авиакомпаниясына тиесілі бір жолаушы ұшағына саботаж жасалды. Саботажбен құлатылған алғашқы азаматтық ұшақ болды.

1944 жыл

800 сыған бала немістер тарапынан жүйелі түрде Аушвиц (Auschwitz) лагерінде өлтірілді.

1986 жыл

Эль-Сальвадордағы 7,5 балл күшіндегі жер сілкінісінде 1 мың 500 адам қаза тапты.

1999 жыл

«Йыланларын өджү» (Жыландардың кегі) атты шығармадан бастап түрік әдебиетінде көптеген шығармаға таңба қалдырған Факир Байкурт дүниеден озды.

2015 жыл

Анкарада ұйымдастырылған «Еңбек, бейбітшілік, демократия» митингі алдында 2 бөлек жарылыс болды. 102 адам қаза тапты, 391 адам жарақат алды.

2017 жыл

АҚШ түрік азаматтарының виза сұраныстарын қабылдамаған соң Түркия есесін қайтару мақсатты АҚШ азаматтарының виза сұранысын қабылдауды тоқтатты.



Ұқсас жаңалықтар