Тарихта  7 қазан

Тарихта  7 қазан

1282934
Тарихта  7 қазан

 

1337 жылы 7 қазан күні ағылшын королі Эдуард III Францияда өзін тақ мұрагері ретінде алға тартып, 116 жыл жалғасқан «100 жылдық  соғыс» басталды.

***

1737 жылы 7 қазанда Үнді мұхитындағы зілзала салдарынан 15 метрлік толқын болды. Бұл оқиға  Үндістанда 300 мың адамның қаза табуына себеп болды.

***

1849 жылы 7 қазан күні америкалық ақын және жазушы Эдгар Аллан По 40 жасында қайтыс болды.

***

1926 жылы 7 қазанда Италияда Бенито Муссолини лидерлігіндегі Фашисттік партия мемлекеттік партия екенін жариялады және әртүрлі оппозицияға тыйым салды.

***

1950 жылы 7 қазан күні Қытай Тибетті жаулай бастады.

***

1963 жылы 7 қазанда Флора дауылы Гаити мен Доминик Республикасын жалмады. Апатта 7 мың 190 адам көз жұмды.

***

1975 жылы 7 қазан күні «Achille Lauro» атты жолаушы кемесі палестиналық сарбаздар тарапынан алып қашырылды. 10 жылдан кейін Америка соғыс ұшақтары қарақшыларды тасымалдаған бір Мысыр ұшағын Сицилиядағы НАТО базасына зорлықпен қондырды. Қарақшылар тұтқындалды.

***

1991 жылы 7 қазанда 17 Қараша террор ұйымы Түркияның Афины елшілігі баспасөз атташесі орынбасары Четин Гөргіні шейіт етті.

       ***

2001 жылы 7 қазан күні АҚШ «Терроризмен күрес» атты сылтаумен Ауғанстанды бомбалай бастады.

***

2002 жылы 7 қазанда Израиль жасақтарының Газада Хан Юнуске ұйымдастырылған шабуылында 14 палестиналық қаза тапты, 110 адам жарақат алды.

***

2015 жылы 7 қазан күні профессор Азиз Санжар Нобель химия сыйлығын жеңіп алған тұңғыш түрік болды.

 



Ұқсас жаңалықтар