Тарихта 4 қыркүйек

Тарихта бүгін

1262967
Тарихта 4 қыркүйек

476 жыл... Германдар Батыс Рим империясын құлатты.

**

1063 жыл... Ұлы Селчук империясының құрушысы Тұғрыл мырза Иранда 73 жасында дүние салды.

**

1682 жыл... Ағылшын астроном Эдмунд Галлей кейіннен өзінің атымен аталатын құйрықты жұлдыздың сапарын толық 76 жыл деп есептегенін әлемге паш етті.

**

1919 жыл... Мұстафа Кемал Пашаның баяндамасымен Сивас құрылтайы басталды.  Құрылтай Анадолының басып алынуына қарсы Анадолы және Румелия қорғау ұйымының құрылуына және 15 адамдық Өкілдер делегациясының қалыптастырылуына шешім берді.  Өкілдер делегациясының басшылығына Мұстафа Кемал Паша сайланды.

**

1957 жыл... АҚШ-тың Аркансас штаты басшысы қара нәсілді оқушылардың Орталық лицейге баруына кедергі жасау үшін Ұлттық қорғаушыларды міндетке шақырды.  Оқиға АҚШ-тағы нәсілшілдікпен күрес тарихында "Little Rock" дағдарысы ретінде қалды.

**

1963 жыл... Швейцария әуежолдарының жолаушы ұшағы құлады.  80 адам қаза тапты.

**

1971 жыл... Аляска әуежолдарының жолаушы ұшағы құлады. 111 адам ажал құшты.

**

1988 жыл... Бангладештегі су тасқынында 300 адам қаза тапты. 20 миллион адам баспанасыз қалды.

**

1997 жыл... Иерусалим орталығында Хамас 3 бөлек лаңкестік жасап, 7 адам қаза тапты. 192 адам жарақат алды.

**

2009 жыл... Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз уәлаятында НАТО ұшақтары Талибан тарапынан алып қашырылғаны алға тартылған мұнай танкерлерін бомбалады. 90 адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар