​​​​​​​Тарихта 23 тамыз

Тарихта бүгін

1256806
​​​​​​​Тарихта 23 тамыз

634 жыл... Әзірет Мұхаммедтің алғашқы халифасы Әзірет Әбу Бекир 63 жасында дүние салды.

**

1305 жыл... «Braveheart» (Батыл жүрек) фильміне де арқау болған Шотландия патриоты Уильям Уоллис Лондонда өлтірілді.

**

1514 жыл... Явуз Сұлтан Селим басшылығындағы Османлы армиясы Чалдыран соғысында Шах Исмаилдің армиясын жеңді.

**

1921 жыл... Азаттық соғысының ең қиын шайқастарының бірі Сакария шайқасы басталды.

**

1923 жыл... Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Лозанна келісімін бекітті.

**

1925 жыл... Президент Мұстафа Кемал Ататүрік Кастамонуда бас киім және киім төңкерісін бастады.

**

1939 жыл... Германия мен Кеңес Одағы арасында бітімге қол қойылды. Осы бітім Гитлердің Польшаны басып алуын жеңілдетті.

**

1942 жыл... Екінші дүниежүзілік соғыстың тағдырына әсер еткен Сталинград қоршауы басталды.

**

1944 жыл... Америка әскери ұшағы Ұлыбританияда бір мектептің үстіне құлады. 61 адам қаза тапты.

 **

1990 жыл... Германия Федералдық Республикасы мен Германия Демократиялық Республикасы 3 қазан күні бірлесетінін хабарлады.

**

2000 жыл... Gulf Air жолаушы ұшағы Бахрейн маңында құлады, 143 адам қаза тапты.

**

2005 жыл... Перуда жолаушы ұшағы құлады. 41 адам қаза тапты.

 



Ұқсас жаңалықтар