Тарихта 16 тамыз

Тарихта бүгін

1253007
Тарихта 16 тамыз

1556 жыл... Стамбулда Сүлеймание мешіті ашылды.

**

1858 жыл... АҚШ президенті Джеймс Бьюкенен алғашқы трансмұхиттық телеграф байланысын Ұлыбритания Патшайымы Викториямен жүргізді.

**

1868 жыл... Перудың Арика (қазір Чилиге қарасты) қаласы 8,5 балдық жер сілкінісінен кейін болған цунамиде жермен-жексен болды. Шамамен 70 мың адам опат болды.

**

1920 жыл... Атақты жазушы Чарльз Буковски Германияда дүниеге келді.

**

1953 жыл... Иран шахы Рыза Пехлеви мен патшайым Сүрейя Ираннан кетті.

**

1974 жыл... Кипр Бейбітшілік қозғалысы аясында түрік жасақтары Магоса,  Никосия, Лефке желісінің солтүстігіндегі аймақты бақылауына алды және бітім жасады.

**

1977 жыл... Рок-н-роллдың королі Элвис Пресли 42 жасында қайтыс болды.

**

2002 жыл... Палестиналық саяси лидер Әбу Нидал Бағдатта қайтыс болды.

**

2003 жыл... 1971-1979 жылдар арасында Уганданы басқарған диктатор Иди Амин Сауд Арабиясында дүниеден озды.

**

2005 жыл... Батыс Кариб әуежолдарының жолаушы ұшағы Венесуэла маңында құлады, 160 адам қаза тапты.

**

2008 жыл... Ямайкалық желаяқ Усэйн Болт Пекиндегі 2008 Жазғы олимпиадада әлемдік рекорд жаратты.  Болт бір жылдан кейін Берлиндегі Жеңіл атлетика чемпионатында рекордын жаңалады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар