Тарихта 31 шілде
Тарихта бүгін
![Тарихта 31 шілде](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/c8ce/0639/c506/5c4ede5daca15.jpg?time=1718461152)
1492 жыл... Еврейлерді Испаниядан қуған Элхамра жарлығы күшіне енді.
**
1932 жыл... Нацистер парламенттік сайлауда 230 орынды жеңіп алып, Германияның бірінші партиясы болды.
**
1932 жыл... Түркия аруы Кериман Халис Бельгияда байқауда Әлем аруы атанды.
**
1959 жыл... Түркия Еуропа Экономикалық қоғамына мүшелік үшін ресми түрде өтінішін берді.
**
1973 жыл... Дельта авиакомпаниясының жолаушы ұшағы Бостон әуежайына қонар кезде құлады. Апатта 89 адам қаза тапты.
**
1980 жыл... Түркияның Грекиядағы өкілетті елшілігі әкімшілік атташесі Галип Өзмен мен қызы Аслыхан Өзмен террорлық ұйым Асаланың қарулы шабуылында шейіт болды.
**
1988 жыл.... Малайзияның Буттерворт қаласында паром терминалы құлады. Оқиғада 32 адам қаза тауып, 674 адам жарақат алды.
**
1992 жыл.... Тайланд авиакомпаниясының жолаушы ұшағы Катмандуның таулы аймағына құлады. 113 адам қаза тапты.