Тарихта 28 маусым

Тарихта бүгін

1225607
Тарихта 28 маусым

       1895 жылы 28 маусым күні Сальвадор, Гондурас және Никарагуа бірігіп, «Орталық Америка Одағын» құрды.

         ***

      1914 жылы 28 маусым күні сербиялық студент Гаврило Принцип Австро-Венгрия тағының мұрагері Франц Фердинанд және оның зайыбына қастандық жасады.  Бұл оқиға Австро-Венгрия мен Сербияның қарым-қатынасын шиеленістіріп, кезекті Балқан дағдарысына апарды. Сонымен қатар Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталды.

         ***

        1919 жылы 28 маусым күні Бірінші Дүниежүзілік соғысын ресми түрде аяқтатқан Версаль бейбіт келісіміне Одақтас елдер мен Германия қол қойды.

         ***

         1967 жылы 28 маусым күні Израиль Шығыс Иерусалимді жаулап алды.

         ***

       2006 жылы 28 маусым күні Черногория Біріккен Ұлттар Ұйымына 192-ші ел ретінде қабылданды.

         ***

      2016 жылы 28 маусым күні Стамбулдағы Ататүрік әуежайында жанкешті шабуыл жасалды. Шабуылда 45 адам қаза тапты, 239 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар