Тарихта 16 маусым

Тарихта бүгін

1218174
Тарихта 16 маусым

1826 жыл 16 маусым

Османлы падишасы Махмуд ІІ Янычары әскери штабын жапты. Вака-и Хайрийе (құтты оқиғалар) деп аталған Янычары және тікелей падишаға бағынған сарбаздардың тарқатылуы Түркия тарихының және замандас Түркия Республикасының бастауы болды.

1919 жыл 16 маусым

Йөрүк Али Эфе мен достары «Малгач басқынымен» Айдындағы грек қауіпсіздік бекетін бақылауға алды. Малгач басқынымен Айдын аймағындағы грек әскери күштерінің ілгерілеуі тоқтатылды.

1950 жыл 16 маусым

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) түрік тілінде шақырылған азанды араб тілінде қайта оқу заңын қабылдады.

1963 жыл 16 маусым

Жер шары орбитасына «Восток-6» ғарыш кемесімен ұшырылған орыс ғарышкер Валентина Терешкова ғарышқа барған алғашқы әйел болды.

1964 жыл 16 маусым

Американдық қара нәсілділердің лидері Мартин Лутер Кинг Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты атанды.

1979 жыл 16 маусым

Түрік кинематографиясының ең танымал актерлерінің бірі Айхан Ышык дүниеге көз жұмды.



Ұқсас жаңалықтар