Тарихта 8 маусым

Тарихта бүгін.

1211377
Тарихта 8 маусым

 

1936 жылы 8 маусым күні Республика кезеңінде жұмыс, жұмысшы , жұмыс бергендердің қарым-қатынастарын ретке салған алғашқы кең көлемді «Еңбек заңы» Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінде қабылданды.

***

1958 жылы 8 маусымда Стамбул Беязыт алаңында Кипрде өмір сүрген түріктердің өмір сүру құқықтарын қорғау және жасалған қысымдарды протест ету үшін 300 мың адам қатысқан «Я Таксим, я өлім» атты митинг өткізілді.

***

1985 жылы 8 маусым күні Мұстафа Кемал Ататүріктің рухани қызы, Түркия Республикасының алғашқы тарих профессоры, тарихшы және социолог Афет Инан дүниеден озды.

***

2010 жылы 8 маусымда Измир және аудандарында ұйымдасқан әйел диқандар Түркияның алғашқы «Әйел  диқандар одағын» құрды.

***

1970 жылы 8 маусым күні «Қажеттіліктердің иерархимиялық теориясы» еңбегімен әйгілі америкалық психолог Абрахам Харольд Маслоу қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар