Тарихта 29 мамыр

Тарихта бүгін

1209366
Тарихта 29 мамыр

 

29 мамыр 1453 жыл... Османлы падишасы Фатих Сұлтан Мехмет Стамбул қаласын жеңіп алып,  Шығыс Рим Империясын құлатты.  Стамбулдың жеңіп алынуы орта ғасырлардың да соңы болды.

**

29 мамыр 1914 жыл... Канаданың жолаушы кемесі "RMS Empress of Ireland" Сент-Лоуренс шығанағында батты, 1024 жолаушы қаза тапты.

**

29 мамыр 1936 жыл... Түрік байрағы жөніндегі заң мәжілісте қабылданды.

**

29 мамыр 1953 жыл... Жаңа Зеландиялық альпинист Эдмунд Хиллари мен Непальдік шерпа Тенцинг Норгей 1953 жылы Эверест шыңын бағындырған алғашқы адамдар болды.

**

29 мамыр 1985 жыл... Еуропа Чемпион клубтар кубогының ақтық сайысы үшін Ливерпуль-Ювентус матчы ойналған Бельгияның Эйзель стадионында шыққан оқиғада 39 адам қаза тапты, 350 адам жарақат алды.

**

29 мамыр 1988 жыл... Босфор бұғазында Фатих Сұлтан Мехмет көпірінің құрылысы аяқталды.

 



Ұқсас жаңалықтар