Тарихта 26 мамыр

Тарихта бүгін.

1207044
Тарихта 26 мамыр

1512 жыл 26 мамыр

Османлы мемлекетінің 8-ші падишасы, Фатих Сұлтан Мехметтің баласы Явуз Сұлтан Селимнің әкесі Сұлтан Беязид II дүниеден озды.

1883 жыл 26 мамыр

19-ғасырда Алжир халқының француз отарлауына қарсы күресіне басшылық жасаған дін қызметкері және әскер Абдүлкадир Сезайири дүниеден озды.

1944 жыл 26 мамыр

Нури Демирағдың фабрикасында өндірілген тұңғыш отандық түрік жолаушы ұшағы Стамбулдан Анкараға алғаш рет ұшты.

2003 жыл 26 мамыр

Ауғанстанда міндет атқарған Испания бейбітшілік күші әскерлері мінген Украина әуе жолдары компаниясына тиесілі бір ұшақ Трабзон қаласының Мачка ауданы маңында құлады. Апатта 74 адам қаза тапты.

2012 жыл 26 мамыр

Түркияда алғаш «Stand-Up» дәстүрін бастаған актер, радио және теледидар бағдарламашысы Орхан Боран дүниеден озды.


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар