Тариxта 19 мамыр

Тарихта бүгін.

1203757
Тариxта 19 мамыр

1881 жыл 19 мамыр

Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрік дүниеге келді. Ататүрік Самсун қаласына келген 19 мамыр күні символдық туған күні болып қабылданады.

1910 жыл 19 мамыр

Халлей құйрықты жұлдызы ғаламшарға жақындады. Халлей құйрықты жұлдызы Күн жүйесіне соңғы рет 1986 жылы кірген болатын. Есептеулерге қарағанда 2061 жылы қайта көрінеді.

1919 жыл 19 мамыр

Мұстафа Кемал Ататүрік Бандырма паромымен Самсун қаласына келді. 19 мамыр одақтас мемлекеттердің басқыншылығына қарсы Түрік азаттық соғысы басталған күн болып қабылданады. Түркия Республикасы тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. 1938 жылы 19 мамыр күнінен бері ұлттық мереке ретінде тойлануда. Ататүрік осы мерекені түрік жастарына сыйлаған. Сондай-ақ Ататүрік өзі «туған күнім» деп айтып кеткен 19 мамыр күні мерекесіне бір рет қатыса  алды.

1935 жыл 19 мамыр

Араб көтерілісін ұйымдастырған белгілі ағылшын тыңшы «Арабиялық Лауренс» лақапты ағылшын археолог, әскер, барлау қызметкері және жазушы Томас Эдвард Лауренс мотоциклмен жол апатына түсіп қаза тапты.

1981 жыл 19 мамыр

Салоникиде Ататүрік дүниеге келген үй қайтадан жөндеуден өткізіліп, келушілердің аралауына ашылды.


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар