Тарихта 2 мамыр

Тарихта бүгін.

1194019
Тарихта 2 мамыр

1519 жыл 2 мамыр

Леонардо да Винчи дүниеден озды. Ренессанс дәуірінің ең маңызды тұлғаларының бірі, италияндық суретші, инженер, архитектор және ғалым Леонардо да Винчи 67 жаста дүниеге көз жұмды.

1808 жыл 2 мамыр

Испанияның Мадрид қаласында танымал «Дос де-Майо» (Dos De Mayo) көтерілісі басталды. Мадридтің Наполеон Бонапардтың армиясы басып алған және Наполеонның ағасының Испания королі болып жариялануына наразылық көрсеткен жергілікті халық пен француз әскерлерінің қақтығысында жүздеген қала тұрғыны қырылды.

1885 жыл 2 мамыр

Кастамону Абдуррахманпаша мемлекеттік лицейінің іргетасы қаланды. Кастамону Абдуррахманпаша лицейі Түркияның алғашқы мемлекеттік лицейі және Анадолыда ашылған тұңғыш мемлекеттік лицейі болу ерекшелігіне ие.

1926 жыл 2 мамыр

Атлант мұхитының екі жағалауы арасында алғашқы факс жіберілді.

2011 жыл 2 мамыр

АҚШ Қарулы Күштері Пәкістанның Абботтабад қаласында жасаған операцияда Усаме бин-Ладин өлтірілді.


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар