Тарихта 28 сәуір

Тарихта бүгін.

1189977
Тарихта 28 сәуір

Бүгін 28 сәуір күні. Тарихта бүгін атты бағдарламамызды бастаймыз.

1935 жыл 28 сәуір

1877 жылы құрылған және құрылған күннен бері барлық соғыстар мен апат аймақтарына жәрдем жеткізген “Хилал-и Ахмер” қоғамының аты “Түрік қызыл жарты ай қоғамы” деп өзгертілді.

1945 жыл 28 сәуір

Италияндық диктатор Бенито Муссолини мен сүйіктісі Клара Петаччи атып өлтірілді. Мәйіттері бір бензин станциясында аяғынан асылып, халыққа көрсетілді.

1978 жыл 28 сәуір

Ауғанстан мемлекет басшысы Мұхаммед Давут Хан төңкеріспен құлатылған соң атып өлтірілді.

1988 жыл 28 сәуір

Ел көлемі және шетелде өмір сүрген түріктер мен түрік дипломаттарға қарсы шабуылдарын арттырған армян террор ұйымы “ASALA”-ның құрушысы Агоп Агопян Афиныда кім екені белгісіз екі адам тарапынан өлтірілді.

2001 жыл 28 сәуір

Американдық инженер және миллионер Деннис Тито «Союз TM-32» миссиясына қосылып, өз қаржысымен ғарышқа ұшқан алғашқы ғарыш туристі болды.


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар