Тарихта бүгін 6 сәуір

Тарихта 6 сәуір  күндері не болған екен?

1177961
Тарихта бүгін 6 сәуір

1326 жылы 6 сәуір күні Османлы мемлекетінің екінші патшасы Орхан Гази Бурсаны жеңіп алды. Византияға тиесілі қала Османлы мемлекетінің құрушысы Осман Бей тарапынан қоршауға алынған еді. Алайда жеңіп алынуы Орхан Гази дәуірінде жүзеге асырылды.

***

1814 жылы 6 сәуірде Наполеон Бонапарт  тақтан түсіп, Эльба аралына қуғындалды.

***

1896 жылы 6 сәуір күні тарихтағы алғашқы заманауи олимпиада ойындары Афиныда басталды. 15 елден  245 спортшы орын алған ойындар сол дәуірдің ең үлкен спорт организациясы болды.

***

1909 жылы 6 сәуірде америкалық жиһангер Роберт Пири, орынбасары Matthew  Henson және төрт маман Солтүстік мұзды мұхитын  алғаш ашқан адамдар ретінде тарихқа жазылды.

***

1917 жылы 6 сәуір күні Америка Құрама Штаттары Бірінші Дүниежүзілік соғысына кіргенін ресми жариялады. Америка Құрама Штаттары Германияға соғыс жариялап, Одақтас елдердің қасында Бірінші Дүниежүзілік соғысына ресми түрде кіргенін хабарлады.

***

1920 жылы 6 сәуірде Халықаралық Түрік хабар агенттігі, яғни Анадолы агенттігі құрылды. Анадолы агенттігі Мұстафа Кемал Ататүрік, Халиде Эдип Адывар және Юнус Нади тарапынан Азаттық соғыс жайлы хабарларды беру мақсатымен құрылған.



Ұқсас жаңалықтар