Тарихта бүгін 18 наурыз

Тарихта 18 наурыз  күндері не болған екен?

1165274
Тарихта бүгін 18 наурыз

Бүгін 18 наурыз. Тарихта 18 наурыз  күндері не болған екен?

1558 жылы 18 наурыз күні  Ұлы Орыс империясының құрушысы және сонымен қатар қатыгездігімен әйгілі болған патша Иван қайтыс болды. Зерттеулерге қарағанда оның уланып өлгені алға тартылуда.

***

1915 жылы 18 наурызда Дарданель бұғазынан өтуге тырысқан Одақтас армияларын  Мұстафа Кемалдың басшылығындағы Османлы армиясы жеңді. Дарданель соғысы--Османлы мемлекеті мен одақтас мемлекеттер арасында 1915 жылы Анадолының Галлиполь түбегінде өткен теңіз және құрлық соғысының атауы.

***

1940 жылы 18 наурыз күні Гитлер мен Муссолини Италияда кездесті. Италия Германияның қасында соғысқа кіруге шешім жасады. Төрт жылдан кейінгі сол күні немістер Венгрияны жаулап ала бастады.

***

1949 жылы 18 наурызда НАТО құрылды.

***

1962 жылы 18 наурыз күні Францияның Алжир қырғыны аяқталды. Франция 1954 жылы бастаған Алжир көтерілісін барлық күш жұмсауына қарамастан тыныштандыра алмады. Осы процесте мөлшермен 1,5 миллион алжирлік қаза тапты.

***

1965 жылы 18 наурызда адамзат баласы тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне саяхат жасады. Кеңес Одағының ғарышкері  Алексей Леонов Жерден 2.177 километр биіктікте «Восход-2» кемесімен ғаламат ғарышқа сапар шеккен.

***

995 жылы 18 наурыз күні түрік кинофильмінің ең әйгілі актері Садри Алышык дүниеден озды.

***

2010 жылы 18 наурызда TRT Хабар каналы таралымына бастады.



Ұқсас жаңалықтар