Тарихта 8 наурыз

Тарихта бүгін

1158993
Тарихта 8 наурыз

 

8 наурыз 1857 жыл... Әйел жұмысшылар қайтыс болған күн Әйелдердің халықаралық күні деп аталды.  АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 40 мың жұмысшы еңбек шарттарының жақсартылуы үшін ереуілге шықты.  Алайда полиция жұмысшыларға шабуылдап, жұмысшылар зауытта қамалып қалды.  Артынан өрт шығып, жұмысшылар қаза тапты. Осы оқиғада көбі әйел 129 жұмысшы көз жұмды. 1910 жылы Копенгагенде болған Халықаралық Социалистік әйелдер конференциясында 8 наурыз күні Еңбекші әйелдердің халықаралық күні деп аталды.  БҰҰ да 1975 жылдың 16 желтоқсан күні 8 наурыз күнін Әйелдердің халықаралық күні ретінде қабылдады.

Түркияда болса 8 наурыз Еңбекші әйелдер күні ретінде бірінші рет 1921 жылы тойлана бастады.

**

8 наурыз 1906 жыл... Моро кратері қырғыны... АҚШ 1898 жылы Испаниямен келісім жасап,  20 миллион долларға Филиппинді сатып алды.  Алайда Филиппин халқы келісімге қарсы шықты.  1902 жылы сол кездегі АҚШ президенті Рузвельт Филиппинде соғыстың аяқталғанын жариялады.  Алайда мұның Моро халқын қамтымағанын білдірді. АҚШ әскерлері Моро кратеріне жасырынған 600 мұсылман филиппиндікті өлтірген болатын.

**

8 наурыз 1944 жыл... Әзіл-сықақ романдарымен танымал түрік жазушы, әрі журналист Хүсейін Рахми Гүрпынар қайтыс болды.

**

8 наурыз 1948 жыл... Бехчет ауруын тану арқылы медицина литературасына енген, тері аурулары маманы, академик Хулуси Бехчет Стамбулда дүниеден озды.

**

8 наурыз 1955 жыл... Түркияның ракпен күреске арналған алғашқы диспансері ашылды.

**

8 наурыз 1974 жыл... Париждің Шарл Де Голль әуежайы қызметке берілді.



Ұқсас жаңалықтар