Тарихта 3 наурыз

Тарихта бүгін.

1155811
Тарихта 3 наурыз

1878 жыл 3 наурыз...

Тарихта «93 соғысы» деп аталған 1877-1878 жылдар арасындағы Османлы-Орыс соғысында Османлы мемлекеті орыстардан жеңілді. Османлы мемлекетінің бейбітшілік талабымен 1878-ші жылдың 3 наурыз күні Стамбулдың Йешилкөй ауданында Аястефанос келісіміне қол қойылды. Өте ауыр шарттары бар осы келісімге қарағанда Румыния, Черногория, Сербия тәуелсіздік жариялады. Болгария автономиялық Республика ретінде жарияланды. Карс, Ардахан, Батуми мен Шығыс Беязыт орыстарға қалдырылды. Армяндарға да айырықша құқық берген осы келісім Ресейдің аймақтағы күшін арттырды. Осы жағдай Еуропаны алаңдатты. Кипрдың бақылауын ағылшындарға қалдыруды қабылдаған Османлы мемлекеті Еуропаның қолдауымен Берлин келісімі атымен жаңа бір келісімге қол қойды, осылайша Аястефанос келісімінің күші жойылды.

*   *   *

1924 жыл 3 наурыз...

Жаңа құрылған Түркия Республикасында жалғасқан реформалық өркендеу жұмыстары аясында Тевхид-и Тедрисат заңы (Баршаға бірдей оқу-әдістемелік заңы) қабылданды. Осы заңмен Түрік оқу жүйесінде бірлік пен тұтастық қамтамасыз етілді. Мектептердің барлығы Ұлттық Білім беру министрлігіне бағындырылып, елде аз сандылардың шетелдік мектептердің діни және саяси тұрғыдан білім беруіне тыйым салынды. Осы заңмен кейбір діни мекемелер жабылып, оның орнына Дін істері басқармасы Имам Хатиб мектептері (Имам тәрбиелейтін мектептер) ашылды.

*   *   *

1980 жылы 3 наурыз.

Бұрынғы Хатай Республикасы президенті Тайфур Сөкмен Стамбулда дүниеден озды. Османлы мемлекеті 1-ші дүниежүзілік соғыстан кейін француздар Искендерун өңірін қоршады. Тайфур Сөкмен сол кезде алғашқы көтеріліс қозғалысын ұйымдастырушылар арасында орын алды. 1938 жылы құрылған Хатай мемлекеті 1939 жылы болып өткен жалпыхалықтық референдуммен Түркияға қосылғанша президенттік міндетін атқарды.

*   *   *

2013 жыл 3 наурыз...

Арабеск және түрік халық музыкасы әншісі Мүслүм Гүрсес дүниеден озды. Түркияның сүйікті әншілерінің бірі және «Мүслім баба» деген атпен танымал Мүслім Гүрсес 12 жаста шайханаларда шырқаған әндерімен музыка әлемінде таныла бастады. Ұзақ жылдар арабеск түрінде әндер шырқаған Мүслім Гүрсесті алдында белгілі бір қауым тыңдаса, кейіннен өзіне тән стилімен поп музыкасына жаңа бағыт берді. Осылайша түрік музыка өнерінің барша ұнататын әншілерінің біріне айналды. Көптеген фильмде ойнаған Мүслім Гүрсес салқын мінезі, даналық сөздерімен назар аударған, тіпті университеттерде ол туралы диссертациялар жазылған.

 


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар