Тарихта 28 ақпан

Тарихта бүгін.

1154039
Тарихта 28 ақпан

1922 жыл 28 ақпан...

Мысыр Ұлыбританиядан бөлініп тәуелсіздігін жариялады.

 1500 жылдары Османлы үстемдігінде шамамен 400 жыл түріктердің билігіне бағынған Мысыр 1882 жылы Османлыдан айырылып ағылшындардың үстемдігіне бағына бастады. 40 жыл бойынша ағылшындар басқарған Мысыр патшалығында 1922 жылы 28 ақпан күні тәуелсіздік жарияланса да, көп нәрсе өзгермеді. Ел тәуелсіздіктің артынан 30 жыл бойынша қайтадан ағылшындардың ықпалымен басқарылды. Ағылшын үстемдігі тек қана 1952 жылы төңкеріспен Мысыр патшалығы қираған соң  аяқталды. Мысырда патшалық құлағаннан бір жыл өткен соң республика жарияланды.

*   *   *

1940 жыл 28 ақпан...

Алғаш рет бір баскетбол матчы АҚШ-та теледидар арқылы тікелей эфирден көрсетілді. «Fordham» мен «Pittsburgh» университеттерінің командалары арасында «Madison Square Garden» спорт кешенінде ойналған матч теледидардан алғаш рет көрсетілген баскетбол матчы болды.

*   *   *

1945 жыл 28 ақпан...

Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымы декларациясына қол қойды. Түркия өкілетті елшісі Орхан Эрол тарапынан Америкада қол қойылған декларациядан 8 ай өткен соң Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми түрде құрылды. Түркия сондай-ақ БҰҰ-ның құрушы мүшелерінің бірі. Біріккен Ұлттар Ұйымы көзқарастық тұрғыдан II-Дүниежүзілік соғыстың соңында жеңімпаздар арасындағы келіспеушіліктерді жойып, болашақта күн тәртіпке келетін және өз қауіпсіздіктерін бұзатын соғыстардың алдын алу мақсатты алға тартылған еді.

*   *   *

2015 жылы 28 ақпан

Нобель Әдебиет сыйлығына үміткер ретінде көрсетілген жалғыз түрік жазушысы Яшар Кемал дүниеден озды. Әлі мектепке бармаған кезінде өлең жаза бастаған көптеген роман, әңгіме және сценарийдің авторы Яшар Кемал түрік әдебиетінің ең үлкен тұлғаларының бірі болатын. Яшар Кемалдің шығармалары көптеген тілге аударылып, әлемнің түкпір-түкпірінде бүкіл әлемде жарық көрді, кітаптарына көптеген фильм түсірілді.

Түркиядан алған сыйлықтарына қоса, Халықаралық «Cino del Duca» сыйлығы, «Légion d'Honneur» ордені, «Premi Internacional Catalunya» жүлдесі, Неміс кітапшылар одағының Франкфурт кітап көрмесі бейбітшілік сыйлығы сияқты 20-дан астам беделді сыйлықтың иегері болды.


Этикеттер: #тарихта бүгін

Ұқсас жаңалықтар