Тарихта 21 ақпан

Тарихта бүгін.

1149236
Тарихта 21 ақпан

1885 жыл 21 ақпан

Вашингтон ескерткіші аяқталды. Вашингтон ескерткіші 169,35 метр ұзындығында әлемнің ең биік орнатылған ескерткіші болып табылады. Вашингтон ДС – АҚШ-та орын алады. Қаланың ең маңызды символдарының бірі болып табылады. Елді құрушы Джордж Вашингтонды еске алу үшін салынған.

  *   *   *

1935 жыл 21 ақпан

Француз миссионерлер ашқан кейбір мектептер мемлекет қарамағына алынды.

  *   *   *

1952 жыл 21 ақпан

Түркия Республикасы Солтүстік Атлант Келісімі Ұйымының (НАТО) бір мүшесі болып, Лиссабонда болып өткен жиналысқа алғаш рет қатысты.

  *   *   *

1953 жыл 21 ақпан

ДНК-ның молекуласы ашылды. Ағылшын биолог Фрэнсис Крик және Джеймс Д. Уотсон ДНК молекуласының құрылымын ашты. Осы табыстары үшін 1962 жылы Нобель физиология және медицина сыйлығын бөлісті.

  *   *   *

1958 жыл 21 ақпан

Түркия кәсіпқой футбол лигасы басталды. Алғашқы матч Измирспорт-Бейкоз арасында ойналды. Измирспорт 2-1 жеңіске жеткен матчта Өзджан Алтуғ алғашқы голды салып, лига тарихына қолтаңба қалдырды.

  *   *   *

1965 жыл 21 ақпан

Мұсылман қара нәсілді қозғалысының лидерлерінің бірі «Malcolm X» атты Малик Әл-Шахбаз Нью-Йорктағы бір би залында баяндама жасап тұрған кезінде қастандыққа ұшырады.

  *   *   *

2001 жыл 21 ақпан

Түркия қоғамында «Қара сәрсенбі» деп аталған үлкен экономикалық дағдарыс басталды.

  *   *   *

2007 жыл 21 ақпан

Американдық астрономия ғалымдары алғаш рет Күн секілді бір жұлдыздың төңірегін айналған бір ғаламшардың атмосфералық компоненттерін талдағандарын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар