Тарихта 3 ақпан

Тарихта бүгін.

1137713
Тарихта 3 ақпан

1421 жыл 03 ақпан…

VI- Османлы падишасы, Мехмед І-нің баласы, Фатих Сұлтан Мехмедтің әкесі Мұрад ІІ Эдирнеде дүниеден озды. Әкесінің аң кезінде қайтыс болуының артынан 1421 жылы 17 жаста таққа отырған Мұрад ІІ армиясымен бірге көптеген жеңіске жетті. 1444 жылы тамыз айында көзі тірісінде дүнияуи жұмыстардан бастартып, Алла жолына түсетінін және орнына Мехмет ІІ-ні таққа тағайындағанын жариялады. Дегенмен венгр армиясының Дунай өзеннен асып, Османлы мемлекеті жеріне ілгерілеуімен қайтадан таққа отыруға мәжбүр қалды. Баласы Мехмет ІІ-нің «Егер сен сұлтан болсаң, кел армияның қолбасшысы бол, әлде мен сұлтан болсам, саған бұйырамын: армияға қолбасшылық жаса» бұйрығымен таққа отырған Мұрад ІІ 1451 жылы билікті қайтадан баласы Мехмет ІІ-ге қайтарып, мемлекет жұмыстарынан шегінді және сол жылы 3 ақпан күні дүниеден озды. 21 жаста таққа отырған Мехмет ІІ болса, 1453 жылы Стамбулды жеңіп алды және Фатих Сұлтан Мехмет атын тарихқа қалдырды.

* * *

1899 жыл 03 ақпан…

Түрік театрының алғашқы сценаристі, Молиерден бейімделген «Аййар Хамза» атты сахна ойынымен танымал Али Бей дүниеден озды.

Балалық шақта француз тілін үйренген, 10-15 жасар кезінен бастап аударма жасай бастаған, артынан мемлекеттің әртүрлі орындарында жұмыс істеген Али Бей 1894 жылы «Дювун-ы Умумийе» басқармасына директор болып тағайындалды. Осы себепті де директор лақабымен аталған Али Бей театрдан бастап, әзіл-ысқақ, саяхат әдебиеті салаларында шығармалар жазды. Әзіл-ысқақ саласында табиғи қабілетімен әзіл-ысқақ журналдары үшін мақалалар жазған Али Бей Танзиматтан (реформалау) кейінгі түрік театрының құрылуына үлкен үлес қосты.

* * *

1975 жыл 03 ақпан…

Шығыстың Жұлдызы және Мысырдың 4-ші пирамидасы ретінде танымал мысырлық әнші Үммү Гүлсім дүниеден озды.

20-ғасырдың бастапқы кезінде дүниеге келген, күміс көмей әнші деп аталған Үммү Гүлсім өз дәуірінде қыздардың ән шырқауына жақсы көзбен қаралмаған себепті музыкамен ер адамның киімін кийіп алып бастады. Кейін музыка оқыған Гүлсім Мысыр сарайында ән шырқайтындай атақты болды. Халыққа кино технологиясымен үнін жетілдіріп, Таяу Шығысқа даңқы шықты.

Өлгенше жиған бүкіл байлығын - 2,5 миллион стерлинг ақша мен асыл тастарын Мысыр үкіметіне тұтастай бағыштауы халықтың көңілінен шықты. Дүниеден озған күні 4,5 миллион адам жаназа рәсіміне қатысты. Осы қатысушылар саны Мысыр мемлекет басшысы Джемал Абдунасырдың жаназасымен салыстырғанда одан көп болатын.



Ұқсас жаңалықтар