Тарихта бүгін-26

Тарихта бүгін 26 қаңтар.

1133240
Тарихта бүгін-26

Тарихта бүгін 26 қаңтар.

Бүгін 26 қаңтар. Тарихта 26 қаңтар күндері не болған екен?

1699 жылы 26 қаңтарда Османлы мемлекеті Австралия, Венеция және Лехистанмен бірге Карлофча келісіміне қол қойды. Карлофча келісімі Османлы империясының батыста кең байтақ территориясынан айрылған алғашқы келісім болып табылады. Карлофча келісімінен кейін Османлы империясы айрылып қалған территорияларын қайтарып алу саясатын ұстана бастады.

****

1911 жылы 26 қаңтар күні ұшқыш Гленн Хаммонд  Кертис алғаш теңіз ұшағын ұшырды. Бұл жаңалық теңіз ұшақтары саласындағы дамуларға себеп болды.

****

1926 жылы 26 қаңтар теледидардың басталған күні. Теледидар 1923 жылы инженер Джон Лоджи Байрд тарапынан Ұлыбританияның Хастингс қалашығында ойлап шығарылды. Алғашқы теледидар бейне көрінісі болса тағы Байрд тарапынан 1926 жылы таратылды. Инженер Байрд алғашында құрылғысынан адам басын көрсетіп, зерттеді. Бейне көрінгенмен, анық емес еді. Ол кейін бұны дамытты. 1930 жылдарының басында теледидар электр жабдықтары сатыла бастады және қалың қауымға таралды. Осы таңда теледидардың орнын ақырын-ақырын компьютер және интернет ала бастаса да, теледидар 20- ғасыр және 21-ғасыр ойлап табылған ең үлкен  жаңалығы болып табылады.

***

1950 жылы 26 қаңтар күні Үндістан Республикасы жарияланды. Үндістанда 1947 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін 1950 жылы 26  қаңтарда алғашқы атазаң қабылданды. Үндістанда бұл күнді, яғни 26 қаңтарды  «Республика Мерекесі» ретінде тойлауда.

***   

1948 жылы 26 қаңтар күні әскер, ұлттық күрестің қаһарманы және саяси қайраткер Мұса Казым Карабекир дүниеден озды.



Ұқсас жаңалықтар