Тарихта бүгін - 15

Бүгін 15 қаңтар.

1125651
Тарихта бүгін - 15

 

Бүгін 15 қаңтар. Тарихта 15 қаңтар күндері не болған екен?

***

Ұлыбританияның Лондон қаласындағы , әлемнің әр жерінен әкелінген ең таңдаулы ежелгі дәуірге тән этнографиялық жәдігерлерді қамтыған Британ музейі 1759 жылы Монтегю-хоуста ашылды. Британ музейі—Лондонда орналасқан әлемдегі ірі музейлердің бірі.

1753 жылы табиғат танушы Сир Ханс Слоаненің жинақтаған кітаптары, қол жазбалары және табиғат тарих коллекциясының Ұлыбритания үкіметі тарапынан сатып алынуымен құрылған, одан кейін өсиет етіп қалдырылған мұралар және жасалған жылулар арқылы кітаптар, қол жазбалар, гравюралар мен ежелгі олжалардан қалыптасқан кең бір коллекцияға ие Британ музейі осы таңдағы ғимаратына 1847 жылы көшті.

***

1892 жылы баскетболдың қағидалары ойынның шығу жері саналған Спингфиед Массачусетсте Dr. James Naismith тарапынан алғаш рет жарияланды. Маяс тайпаларының Tlahiotenie ойынынан шабыттанған канадалық жаттықтырушы James Naismith тарапынан дамытылған баскетбол алғашқы жылдарда желаяқ және бейзбол ойыншыларын жаттықтыру үшін ойналатын еді.

***

1952 жылы 15 қаңтар күні Америка Құрама Штаттары Түркияның Солтүстік Атлант Келісімі ұйымына, яғни НАТО-ға кіруін бекітті.

***

Еуропа Хорватия және Словенияның тәуелсіздігін танығандықтан Югославия 1992 жылы 15 қаңтарда ресми түрде ыдырап кетті.

***

Түркияның ең әйгілі футбол клубтарының бірі Галатасарайдың футбол матчтары ойналған, сондай-ақ Түркиядағы C90 көру ерекшелігіне ие алғашқы стадионы—Түрік Телеком Арена стадионы 2011 жылы Галатасарай мен AFC Ajax арасында ойналған достық матчымен ашылды.



Ұқсас жаңалықтар